Ақорда маңайында көзге түскен екі қоянның суреті әлеуметтік желіде тарады. Қазақ елінің азаматтары бұл құбылысты сан-саққа жүгіртіп, түрлі болжам-жорамал айтып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тосыннан түсірілген ерекше суретті қаламгер Қойшыбай Есентаев жариялады.
- Бүгін керемет сәтке куә болдым. Қояндар қоян жылы Ақордаға қарап сөйлесіп отыр. Не айтып отыр екен?! - деп жазды журналист.
Қас-қағым сәтті қаз-қалпында "қағып алған" журналистің туындысына пікір айтып, одан астар іздеп жатқандардың қарасы қалың. Көбі:
"А.Байтұрсынұлы қоянның табиғатқа бейімделіп түсін өзгертетінін жазыпты. Мына қояндар неге байланысты түсін өзгертті екен?";
"Жақсы ырым, экологияның жақсылығы ғой!";
"Қояндар, қоян жылы да өтіп барады. Сайлауғада қатыса алмадық. Мына шалдар, бізге қашан орындарын берер екен? - деп отырған шығар";
"Мынау адамы көрінбейтін табиғат пен қоғамның көрінісі ғой...";
"Екеуін сондағы бір кісілерге ұқсатып отырмын";
"- Ақорда ақжағаға ақ жұмақ бұл.- Қымбатшылықтан ел-жұрты қалжырап тұр,- Сайланғандар экология жайлы айта ма?- Қыс жайсыз, құлағымыз салбырап тұр, - деп отыр ғой", - деп жазды олар.
"Адырна" ұлттық порталы