Дубайда 67 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

449
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3461.jpeg
Дубай қаласындағы әйгілі Dubai Marina ауданында орналасқан Tiger Tower тұрғын үй кешенінде ірі өрт болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Тілсіз жау ғимараттың жоғарғы қабаттарынан тұтанған. Төтенше жағдайлар қызметі 764 пәтерде тұратын 3820 тұрғынды толық эвакуациялады. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қалалық биліктің хабарлауынша, өртті сөндіру 6 сағатқа созылған. Қазір қауіп толық сейілген. Оқиға салдарынан Dubai Marina мен Palm Jumeirah станциялары арасындағы көлік қозғалысы баяулаған. Қала әкімдігі тұрғындарға уақытша баспана беру мәселесін құрылыс компаниясымен бірлесе қарастыруда.
Комментарии