Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті бірқатар елдердің әуе кеңістігі арқылы ұшуға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Комитет мәліметінше, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, сол елдердің әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда барлық ұшуларға шектеу қойылады. Тыйым арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады.
Азаматтық авиация комитеті бұл шектеу отандық әуе тасымалдаушыларға қатысты
екенін ескертіп, туристерді жағдайды мұқият бақылап, әсіресе Біріккен Араб Әмірліктері мен Парсы шығанағы елдеріне жоспарланған сапарларын қайта қарауға шақырды.
«Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпаратпен қамтамасыз етеді», – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстанның Израильдегі елшілігі де Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты арнайы үндеу жариялап, Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз