Құлыбаевтар әлеуметтік әділет үшін құрылған Конституциялық сот арқылы әрекет етіп жатыр

1035
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі, олигарх Тимур Құлыбаевтың отбасы Конституциялық сот арқылы бұрын мемлекетке қайтарылған Қазақстан-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) қайтарып алмақшы. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

«Мұндай мәселелер бойынша комиссия болса да шешім тек сотта ғана қабылданады. Бүгінде, менің білуімше, бірінші және екінші сот инстанциялары аяқталды. Дегенмен, конституциялық шағым қалды. Сондықтан, менің түсінуімше, қазір қарауды Конституциялық Сот күтіп тұр, соңғы сөз Жоғарғы Сотта болады. Біз тек оның шешімін күте аламыз. Мен қазір ештеңеге түсініктеме бере алмаймын, өйткені бәрі заң саласында болып жатыр. Тергеу жүріп жатыр, біздің министрліктің бұл процеске еш қатысы жоқ. Осылайша, сот шешімін күту керек, содан кейін ғана біз оның қалай жүзеге асырылатыны туралы түсініктеме бере аламыз», - деді сейсенбі күні үкіметтің брифингінде ҚБТУ-ды мемлекетке қайтару туралы сөз сөйлеген ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Журналистер нақтылап, “бұл бұрынғы иелерінің алдыңғы инстанцияларда жеңілгенін білдіре ме?” деген сұрақ қойды.

«Менің білуімше, бірінші инстанцияның шешімі күшінде қалдырылды, ал екінші инстанцияның шешімі бойынша мүлік мемлекетке қайтарылуы тиіс. Осыдан барып ақпарат шықты. Бірақ шағымдар бірнеше рет қайталанды, бұл біздің сот жүйеміздің жұмысы туралы мәселе», - деді Нұрбек.

Бұған дейін Алматыдағы ҚБТУ-дың иесі, жалғыз құрылтайшысы болған Динара Құлыбаева негізін қалаған “Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры” болатын. 4 наурызда ірі өрттен кейін Құлыбаевтар отбасы ҚБТУ-ды бақылауды тоқтатқан.

Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі 11 қаңтар күні сағат 22.00 шамасында ҚБТУ ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлағанымен, бастапқыда өрт сөндіріліп жатқан ғимараттың атын атамай, нысанды «ғимараттардың бірі» деп атады. Кейін өрт сөндірушілер өртті сөндіруде қиындықтар туындағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Астананың Алматыдағы ҚБТУ ғимаратындағы өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды арттыруды тапсырғаны белгілі болды. Өрт түн ортасы шамасында оқшауланған.

Пікірлер