Петропавлда 60 жастағы такси жүргізушісі жолаушымен жанжалдан кейін ауыр жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға өткен жексенбіде Подгора ауданында болған. Такси жүргізушісі көлігіне мас күйдегі жолаушыларды отырғызған. Жанжал жолаушының көлік ішінде темекі шегуінен басталған.
«Жүргізуші жолаушыға ескерту жасап, темекісін тартып алған. Бірақ жолаушы тағы бір темекі шығарған. Сол сәттен бастап салонда сөзталас басталған. Кейін олар Алтынсарин көшесіндегі шіркеу маңына келгенде жанжал төбелеске ұласқан. Жолаушы жүргізушіні ұрған. Дәл қалай болғанын білмейміз, мүмкін жүргізуші де оған соққы жасаған шығар.
Бірақ жүргізуші асфальтқа құлап, басын қатты ұрып алған. Комаға түскен еді, бүгін қайтыс болды», – дейді қалалық такси жүргізушілері.
Полиция әзірге оқиғаның толық мән-жайын жариялаған жоқ. Алайда күдіктінің ұсталғанын растады.
«Петропавлда полиция қызметкерлері 60 жастағы такси жүргізушісіне ауыр дене жарақатын салған деген күдікпен ер адамды ұстады. Жәбірленуші алған жарақатынан кейін көз жұмды. Қазір аталған факті бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз