Шетелдік әуе компания Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтатты

480
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3460.jpeg
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Arabia және Flydubai әуе компаниялары Қазақстан мен тағы бірнеше елге рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Air Arabia-ның ресми мәліметінше, 13 және 14 маусым күндері Иран, Ирак, Иордания, Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан мен Қазақстанға рейстер орындалмайды. Сонымен қатар кейбір бағыттарда рейстер кешіктірілуі немесе бағыты өзгеруі мүмкін. Flydubai да бұған дейін ТМД елдеріне, соның ішінде Қазақстанға бағытталған рейстерін тоқтатқан болатын. Әуе компаниялары мұндай шешімді Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жағдайының күрт нашарлауымен байланыстырып отыр. «Жолаушыларымыз бен экипаждың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген Flydubai баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сонымен қатар, Air Astana компаниясы да жолаушыларға үндеу жасап, Израиль мен Иран арасындағы жағдайға байланысты кейбір рейстер бағытын өзгертетінін хабарлады. Қазақстанның Авиация әкімшілігі де Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде ұшуға толық тыйым салынғанын мәлімдеді.
Комментарии