Ресей мен АҚШ президенттері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

494
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/7feeb69a-487b-4e78-aad7-86ea9f86b2bf-960x500.jpeg?token=772dc930aff8e86b85d8b51c7749edd0
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА-ға сілтеме жасап. Келіссөз туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар Таяу Шығыста шиеленісе түскен жағдайды басты назарға алған. “Владимир Путин Израильдің Иранға қарсы әскери операциясын айыптап, өңірлік қақтығыстың ушығу қаупіне алаңдаушылық білдірді. Бұл бүкіл Таяу Шығысқа қауіп төндіруі мүмкін”, — деді Ушаков. Сондай-ақ Путин Трампқа Израиль премьері Биньямин Нетаньяху және Иран президенті Масуд Пезешкиянмен сөйлескенін жеткізді. Әңгіме барысында Ресей тарапынан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді қайта бастауға нақты ұсыныстар болғаны да айтылды. Кремль өкілінің мәліметінше, екі ел басшысы ядролық келіссөздер трегіне оралу мүмкіндігін жоққа шығармаған. Қос президенттің әңгімесі 50 минутқа созылған. Ушаковтың айтуынша, Владимир Путин Дональд Трампты 79 жасқа толуымен құттықтады.
Комментарии