Қазақстан Украина президентіне сенім грамоталарын табыстады

482
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-20.jpeg
Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті Елшісі  Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы СІМ-не сілтеп. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, салтанатты рәсім ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Киевтегі «София» ұлттық қорық-мұражайы аумағында өтті. Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі аясында өткен қысқаша әңгіме барысында тараптар қазақ-украин достығын, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму болашағын, сондай-ақ түрлі саладағы іскерлік байланыстарды талқылады. Президенттің жарлығымен Төлежан Барлыбаев 2024 жылдың шілдесінде Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалған болатын. 1970 жылы Теміртауда дүниеге келген дипломат Мәскеудегі Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған. Бұған дейін Қазақстанның Украина және Польшадағы елшіліктерінде түрлі қызметтер атқарып, Словакиядағы елші, сондай-ақ Хорватия, Босния және Герцеговина мен Черногорияда қосалқы негізде елші болған. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде де жұмыс істеген.
Комментарии