Қазақстан Буча қаласына орнатылған киіз үйден ешқандай мәселе көрмейді - СІМ

4276
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Буча қаласына орнатылған киіз үйден ешқандай мәселе көрмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды “Aдырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, ол Бучадағы киіз үй туралы Қазақстан Ресей билігіне ресми түсініктеме бермейтінін айтты.

“Киіз үй қойылды. Бұдан қандай проблема туындады? Қойылды. Көмек көрсетілді. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, апарып, көмектесіп жатыр”,- деп айтты миүистр.

Еске салайық, қаңтар айының басында Украинаның Киев облысы Бучада "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті ашылған еді. Қазақ үй ішіне орналасқан пункт тұрғындарға қыс кезінде жарық пен жылу болмаған шақта тұрғындар келіп, жылынып, телефондарын қуаттап алу үшін ашылған.

Украина депутаты Сергей Нагорняк жоба қазақстандық кәсіпкерлер мен Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің арқасында пайда болғанын айтқан.

Ал Ресей Бучадағы киіз үйге қатысты Қазақстан билігін ресми түсініктеме беруге үндеді.  Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанның ресми өкілдері Бучадағы киіз үйге қатысы жоғын айтты деп мәлімдеді.

Дегенмен, Захарова екі елдің одақтастығына нұқсан келмес үшін және бұл тақырып әрі қарай да бұрмалаланбас үшін Қазақстанның ресми түсініктеме бергені жөн санайды.

 

Пікірлер