"Жағдайы өте ауыр": Тайландта қазақстандық жан түршігерлік апатқа ұшырады

2278
Adyrna.kz Telegram

Таиландта 28 жастағы Қазақстан азаматы Вероника Бычкова жан түршігерлік апатқа ұшырап, көмексіз қалды. Жас туристті қатты жылдамдықпен жергілікті тұрғын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, зардап шегуші жергілікті ауруханаға сынық белгілері бар дене жарақатымен жеткізілген, ол қолынан айырылып қала жаздады.

Турист саяхатын 50 мың долларға сақтандырғаны хабарланды. Бірақ күйеуі сақтандыру компаниясына жүгінгенде, олар өз міндеттемелерінен бас тартты.

"Оларды Interteach халықаралық сақтандыру компаниясы сақтандырды. Апат пен жазатайым оқиғадан кейін сақтандыру компаниясы госпитализацияға да, емделуге де еш көмек көрсетпеген. Олар бірінші операцияны жасады, содан кейін оған тағы үш операция жасалады, өйткені оған сақтандыруды енгізуі керек. Қол сүйегіне металл түйреуіш орнатып қолды толығымен құрастыру керек. Қолдағы сүйектің бір бөлігі бар, ал кейбір сынған сүйектері қатты соққыдан шашылып, жоғалып кеткен», - дейді зардап шеккен қыздың енесі, Алматы қаласының тұрғыны Лариса Мельникова.

Вероника Таиландтағы ауруханада бір аптаға жуық уақыт болды. Оған Қазақстан халқы көмектесуде. Алғашқы операцияға ақша жинаған да солар. Верониканың туыстары Қазақстан елшілігінің де әрекетсіздігіне наразы. Отбасы «Нұр Отан» партиясының көмегіне жүгінген. Содан кейін ғана іс оң жамбасқа жығылды, дейді жәбірленушінің туыстары.

"Қазір біз бұл факті бойынша Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне хат жолдадық. Қазақстан өкілдігі кез келген көмекті көрсетуі керек, оның ішінде заңгер де бар. Мен заң шығарушы органға, Мәжіліске, сотқа жүгінгім келеді. Парламент жұмыс тобын құрып, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы заңға өзгерістер енгізсін», - деді заңгер Нұрлан Слямов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер