Тағы да жолдағы қаза. Алматыда көлік жүргізушісі 7 жастағы баланы қағып кетті

885
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Алматы қаласының Алмалы ауданында "Jetour" маркалы көліктің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерінен өтпек болған жеті жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Алматы қалалық полиция департаментінің кезекшілік бөлімі берген ақпаратқа сәйкес, оқиға бүгін, 15:30 шамасында Алмалы ауданында болған. Байзақов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан «Jetour» көлігінің жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай өтетін жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жастағы баланы қағып кеткен.

Соққыдан бала қарсы бағытта келе жатқан Hyundai көлігінің үстіне құлап түсті. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы) бойынша тергеу басталды.

Айта кетейік, 2 сәуірде Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолында жеті жастағы қызды қағып өлтірген болатын. Бүгін, 3 сәуірде қыз баланың денесі жер қойнына тапсырылды.

Пікірлер