Ресейде ауыр жол апаты болып, Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті

838
Adyrna.kz Telegram
Ресейдің Самара облысында жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті. Соның ішінде Қазақстанның жеті азаматы бар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 ТЖМ мәліметінше, жол апаты "Самара – Большая Черниговка" тас жолында (РФ Самара облысы) болған. Зардап шеккен Қазақстанның жеті азаматы, оның ішінде екі бала 6 бірлік санитарлық автокөліктің көмегімен Орал медициналық мекемелеріне тасымалданды.

“Тағы бір зардап шеккен отандасымызды ТЖ департаментінің бригадасы жеткізді. Ресей аумағында қазақстандық азаматтардың қатысуымен болған жол апаты туралы хабар алына салысымен, оқиға орнына жедел түрде алты жедел жәрдем бригадасы аттанды. Жарақаттардың ауырлығын ескере отырып, шұғыл медициналық көмек бригадалар құрамында балалар мен ересектер травматологтары, хирургтар, нейрохирург, реаниматолог, 6 фельдшер болды”, делінген ТЖМ мәліметінде.

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематомасы және орташа ауырлық түрінде көптеген жарақаттар тіркелді.

"Бүгін, 7 қаңтарда таңертең зардап шеккен бес ересек адам Орал қалалық көпсалалы ауруханасына, екі бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды, онда оларға медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі. Бригадалар тасымалдау барысында пациенттердің жай-күйінің нашарлауына жол бермеді", делінген хабарламада.

Пікірлер