Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша тренинг өткізілді

1819
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдай ол аты айтып тұрғандай төтесінен, күтпеген жерден болады. Адамзат көбіне табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай жатады. Әрине, төтенше жағдайларды болдырмау немесе алдын –алу үшін де жұмыстар жүргізіледі.  Мамандар өздерінде бар ақпаратқа сүйене отырып ескертулер де жасайды. Ол ескертулер әрине сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін, сіз бен біздің амандығымыз үшін жасалады.  Төтенше жағдайлардан келетін зардапты азайту барысында да біраз күш жұмсалып, арнайы органдар мен ұйымдар да құралады. Сондай ұйымдардың бірі «Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп- қатерін азайту жөніндегі орталық».

Орталықты негізінен халықаралық деп те айтуға болады. Біздің еліміз де осы орталықтың құрылтайшысы болып отыр.

Бұл орталық - тұрақты жұмыс істейтін үкіметаралық орган, төтенше жағдайлар қаупін азайтудың, зардаптарды жеңілдетудің тиімді тетіктерін қамтамасыз ету, тараптардың келісілген шараларының көмегімен бірлесіп ден қоюды ұйымдастыру, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру үшін құрылған халықаралық ұйым.

Орталықтың негізгі міндеттері: апат қаупін төмендету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты дамыту, табиғи апаттардың қауіп факторларын төмендету, төтенше жағдайлардың қауіптілігін анықтау, бағалау, болжау және мониторинг, бірлескен күш-жігерді үйлестіру және төтенше жағдайларға тиімді және уақтылы ден қоюға әзірлікті арттыру, ӨБК және төтенше жағдайларды басқару саласында өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілік ету қауіпсіздігін арттыру, апаттар қаупін азайту, бірлескен халықаралық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін халықаралық және коммерциялық емес ұйымдастыру гранттарын тарту, зілзалалар тәуекелін төмендету, төтенше жағдайларды болдырмау және жою саласындағы халықаралық және өзге де бағдарламаларды іске асыру.

Аталған Орталық тарапынан  жоғарыда аталып өткен міндеттерді орындау мақсатында,  орталыққа мүше елдерде төтенше жағдайлардың алдын – алу, олардың  зардаптарымен күресу сынды табиғи және техногендік төтенше жағдайлар бойынша  жиналыстар, тренингтер және басқа да іс-шаралар атқарылып жатады.  Солардың бірі   біздің елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары үшін осы жылы қазан айында өткен  тренинг болатын.

Орталықтың ресми сайтында хабарланғандай, 2020 жылғы 20-23 қазан кезеңінде орталық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы  Балалар қорының (ЮНИСЕФ) "аумақтар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пилотсыз авиацияны дамыту" жобасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығы,  оның ішінде 2020 жылға арналған "Төтенше жағдайлар мен апаттардан осал топтар"  тақырыбында Тараз қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мүддесінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша еліміздің оңтүстік өңірінің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары үшін кезекті тренинг өткізілді.

Тренингтің нәтижесі ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға, жоғары сапалы ортофотопландарды, ғимараттардың үш өлшемді модельдерін, жергілікті жер мен рельефтің цифрлық модельдерін, биіктік карталарын жасауға 4 өңірден Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарын даярлау болды.

Пікірлер