Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізілмек

1321
Adyrna.kz Telegram
Сурет: https://bangkokbook.ru/
Сурет: https://bangkokbook.ru/

Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізілуі мүмкін. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің «Ашық НҚА» порталына орналастырған құжатында жазылған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатта енді азаматтың жынысы мен азаматтығын жазу жоспарланып отыр.

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. ҚР азаматының жеке куәлігінің ағымдағы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде және оның машинадаоқылатын аймағында кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты, көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады»,— делінген құжатта.

Айта кетейік, жаңа жоба 21 мамырға дейін жария талқыланады.

 

Пікірлер