Баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 8 саты төмендеді

1552
Adyrna.kz Telegram
Сурет: interaffairs.ru
Сурет: interaffairs.ru

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы дәстүрлі түрде 3 мамыр күні атап өтілетін дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнінде «Әлемдік баспасөз бостандығы индексін» жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тізімде еліміздің бір жыл ішінде 8 сатыға төмендегені көрсетілген. Өткен жылы Қазақстанрейтингте 180 елдің ішінде  134-орында болса, биыл 142-орынға түскен.

Зерттеу авторлары Конституция бойынша цензураға жол берілмесе де, оның Қазақстанда әлі де бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ел үкіметінің интернеттегі жазбаларға бақылауды күшейткенін атап өтті.

«Қазақстан билігі 1997 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «репрессияшыл реформалар» салдарынан елде пропаганда қанат жайды. Бірнеше тәуелсіз медиа интернет арқылы тарап, тәуелсіз журналистер әлеуметтік желі арқылы хабар таратуға көшті», – деп жазды ұйым.

Сөз бостандығы деңгейі жөнінен Орталық Азия елдері арасында Қырғызстан 120-орынмен көш бастады. Ал Түркіменстан (175-орын) әлемдегі сөз бостандығы ең нашар он елдің қатарында кірді.  Рейтингттің алғашқы сатыларында Норвегия, Дания, Швеция, Нидерланд және Финляндия елдері тұр.

Пікірлер