Талдықорған қаласындағы NIS оқушылары шетелдік университеттерге шақырту алды

5809
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 оқушысы дүние жүзіндегі шетелдік университеттерге шақырту алды.

Алексей Тен бірден үш үздік АҚШ университетіне шақырылды: Ричмонд университеті, Пурдю университеті, Дрексел университеті. Алексей информатиканы оқуға ниетті.

Асқар Қали да информатика саласын таңдады. Ол Дрексел университетіне оқуға түсті.

Дрексел университеті АҚШ-тағы танымал университеттердің бірі. Ғылым, технология, инженерлік және медициналық зерттеулердегі тенденцияларды зерттеуде көшбасшы болып табылады.

«Мені осы университеттің бірегей бағдарламасы қызықтырды – бұл жетекші компанияларда тағылымдамадан өту және болашақта жұмыс істеуге шақыру алу мүмкіндігі», - дейді Асқар.

Айша Ашен Дрексел университетінің биоинженерия факультетінде оқуды жоспарлап отыр.

«Биология менің сүйікті пәнім. Бірақ биотехнология мен үшін беделді және қолайлы болып көрінді. Мамандықтың көптеген бағыттары бар: гендік инженериядан биомедицинаға дейін. Бұл адам өмірінің барлық салаларында сұранысқа ие бағыт», - деді болашақ биоинженер.

Қымбат Алтыбайды халықаралық қатынастар, саясаттану және экономика саласы қызықтырады. Ол Қытайдағы Дьюк Куньшан университетінде оқуға толық стипендия алды.

Томирис Қасымова Гонконг университетінің бірегей үш факультетіне шақыртылды: маркетинг, есеп және аудит және риск-менеджмент факультетіне.

Гонконг қалалық университеті — Гонконгта, Коулун Тхонг ауданында орналасқан зерттеу университеті. Ол әлемнің жетекші университеттерінің тізіміне, сондай-ақ WorldUniversityRankings нұсқасы бойынша Азияның ең үздік жиырма университетінің қатарына енді. Гонконгта ол 4-ші орында.

Гонконг университетіне Ерсен Нұрғұрман да шақырылды.

«Мен Қытайдағы инженерлік факультетті таңдадым. Өйткені Қытай технология бойынша көшбасшы. Соңғы онжылдықта Қытайда инновацияларға көбірек көңіл бөліну жағдайында ғылым мен технология бұрын-соңды болмаған динамикамен алға шықты. Өндіріс әдістерінде, адамдардың өмір салтында және экономикалардың жұмыс істеу тәсілдерінде терең өзгерістер орын алуда. Осы бағытта өзімнің ерекше тәжірибемді алғым келді», – дейді Ерсен.

Жалпы, Талдықорған қаласындағы NIS оқушыларының қабылдау картасы Иллинойс технологиялық институты, Хаверфорд колледжі, Лингнан университеті, Альфред университеті, Шанхай университеті сияқты әлемнің 10-нан астам университетін қамтыды.

 

 

Пікірлер