Талдықорғандық NIS оқушыларының халықаралық байқаудағы жетістігі

3037
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас робототехниктері «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының жеңімпазы атанды.

Конкурс ғылым қызметкерлері мен ғарышкерлер күні қарсаңында Астана қаласында өтті.

116 ғылыми жоба ұсынылды, оның ішінде 47 командалық және 69 жеке жұмыс, Қазақстанның барлық облыстарынан келген 161 жас зерттеуші қатысты.

11 сынып оқушылары Едіге Болатбекұлы мен Қасым Әли Саматұлы «Күн жүйесі» секциясында «Ай мен Марстағы үңгірлерді зерттеуге арналған Робот» жобасын ұсынды.

Біздің жоба үңгірлерді зерттеуге арналған. Оның үңгірге жету үшін қону, жылжымалы платформасы бар. Сондай — ақ негізгі роботқа біз әртүрлі параметрлерді өлшеуге арналған датчиктер кешені бар мобильді робот жасадық, - деді байқау жеңімпаздары.

Пікірлер