«Мен де қызымнан айырылдым». Бишімбаев сотта сөз сөйледі

1788
Adyrna.kz Telegram

Экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгін, 3 сәуірде өткен жарыссөзде марқұм Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен де бір кездері қызымнан айырылдым. 23 жасымда екі жасар қызым аурудан шетінеп кетті. Мұны салыстыру мүмкін емес екені түсінікті. Мен ешкімді қасақана өлтіргім келген жоқ. Бірақ өмірімізде осындай жағдай орын алды. Сол себепті кешірім сұраймын»,—деді айыпталушы.

Қуандық Бишімбаев  өзін жүрексіз, істеген ісіне өкінбейді дегендерге де жауап берді.

«Қатты өкінемін. Күн сайын Құдайдан мені кешіруін сұраймын. Мен осында өзімді қорғауым керек, мұны жеңуім керек екенін білемін. Мұны маған берілген жаза ретінде қарастырамын. Шынымен, істеген ісім үшін кез келген жазаны көтеруге дайынмын. Салтанатты қасақана өлтірген жоқпын, бірақ оның өліміне мен кінәлімін»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер