Ақ үйдегі Tesla саудасы. Сенаторлар тергеу жүргізуді талап етті

1087
Adyrna.kz Telegram
Фото: BBC
Фото: BBC

АҚШ-тың төрт демократ-сенаторы Ақ үйде өткен шараға байланысты тергеу жүргізуді талап етті. Бұл шарада ел президенті Дональд Трамп пен америкалық кәсіпкер Илон Маск Tesla көліктерінің жанында баспасөз өкілдеріне сұхбат берген еді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сенаторлар Элизабет Уоррен, Адам Шифф, Кори Букер және Ричард Блюменталь АҚШ-тың Үкіметтік этика басқармасының (OGE) уақытша директоры Дуглас Коллинзге хат жолдап, мемлекеттік орынның жеке компанияны жарнамалау үшін қолданылғанына алаңдаушылық білдірді.

Олардың пікірінше, Маск өз байланыстарын пайдаланып, Tesla көлігінің жарнамасын жасады. Олар бұл оқиғаның егжей-тегжейін тексеруді талап етті.

«Маск Ақ үй ауласында президентпен бірге ресми баспасөз конференциясына қатысып, Tesla-ны насихаттады. Бұл оның өз коммерциялық мүдделері үшін байланыстарын қолданатынын көрсетеді және Трамп әкімшілігінің компанияны қолдайтыны туралы әсер қалдырады», – делінген хатта.

12 наурызда өткен іс-шара барысында президент Трамп Tesla көліктерінің бірін сатып алуға уәде берді.

«Мен оны сатып аламын, өйткені бұл – керемет өнім. Сонымен қатар, бұл адам (Маск) өмірін осы іске арнады және оған әділетсіздік жасалды деп ойлаймын», – деді Трамп.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер