АҚШ президенті Дональд Трамп Trump International гольф клубында өзінің құрметіне орнатылған ескерткішті ашты. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде кәсіпкер, Нью-Йорк штатының 21-ші сайлау округінен конгреске үміткер Энтони Константино жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бизнесмен желідегі парақшасында президентке ерекше сыйлық табыстағанын мәлімдеді.
«Бағынбау ескерткіші» — Trump International клубы үшін шоқтығы биік ескерткіш.Келушілер бұл мүсінді бірден байқайды, ол мекеменің көрнекті жерінде тұр. Президент мүсінді жақсы қабылдады», — деді Энтони Константино.
Еске салайық, Дональд Трамп 2017-2021 жылдары АҚШ-тың 45-ші президенті міндетін атқарған еді. Ол 2025 жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың 47-ші президенті болып қайта сайланды. Трамп өзі жеңіске жеткен президент сайлауын «ел тарихындағы ұл күн» деп атады.
«АҚШ-тың алтын ғасыры дәл қазір басталды. Бүгіннен бастап біз гүлденеміз, барлық ел бізге қызғана қарайтын болады»,–деді ол президент ретінде сөйлеген сөзінде.
Ал наурыз айында мемлекет басшысы конституциялық шектеулер үшінші рет сайлануға кедергі келтірсе де, үшінші мерзімге президент болудың жолдарын іздестіріп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, көзі тірісінде ескерткіші орнатылған президенттер қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстанның экс-басшысы Сапармұрат Ниязов бар.