Тәжік оппозициясы Рахмонның үстінен Гаага сотына шағым түсірді

1294
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/2f7bb2e7-a45d-4404-837b-99ce3d05e81c-960x500.jpeg?token=541d3c1d10e66083c462977d1508e4fa

Тәжікстанда үш үкіметтік емес ұйым ел президенті Эмомали Рахмонның үстінен Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Pamir Inside жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шағымданғандар қатарында Тәжікстанда тыйым салынған «Исламның қайта жаңғыруы» партиясы, Халықаралық еріктілер украиналық қоры (FUVI) мен Freedom For Eurasia қоғамдық ұйымы бар. Олар ел билігін адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптап отыр.

«11 сәуірде Рахмонға қарсы Гаага сотына шағым түсірдік. Ол жақында тәжік халқына жасаған барлық қылмысы үшін жауап беретін болады»,—деді «Исламның қайта жаңғыруы» партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, шағымда азаптау, зорлау, кісі өлтіру, елден күштен кетіру сынды басқа да қылмыстар туралы айтылады. Тәжік оппозициясы тергеуді бастап, кінәлілерді жазалауды талап етуде.

Айта кетейік, әзірге Тәжікстан билігі бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасамады.

Комментарии