Қонғаннан кейінгі көңіл-күй. Әйелдер экипажы ғарышқа көтеріліп қайтты

1070
Adyrna.kz Telegram
 Фото: Blue Origin
Фото: Blue Origin

Amazon компаниясының иесі, миллиардер Джефф Безос негізін қалаған Blue Origin компаниясы 14 сәуір күні Жер орбитасына дейінгі суборбиталық ұшуға алғаш рет тек әйелдерден құралған экипажды жіберді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл – 1963 жылы Валентина Терешкованың миссиясынан кейінгі алғашқы ұшу. New Shepard зымыраны таңғы 8:30 шамасында (Гринвич уақыты бойынша 13:30) Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшып, алты жолаушыны ғарыштың ресми шекарасы – Жер бетінен шамамен 100 км биіктікте орналасқан Карман сызығына жеткізді.

Бортта алты әйел болды: Безостың қалыңдығы Лорен Санчес, тележүргізуші Гейл Кинг, NASA-ның бұрынғы инженері Айша Боу, адам құқықтарын қорғаушы Аманда Нгуен, кинопродюсер Керианн Флинн және поп-әнші Кэти Перри.

Ұшу шамамен 11 минутқа созылды. Қысқа уақыттық салмақсыздықты бастан өткерген капсула парашют жүйесі мен тежегіш ракеталар арқылы Жерге жұмсақ қонды.

Қону сәтінен кейін Кэти Перри мен Гейл Кинг тізерлеп отырып, жерді сүйді.

Санчес жерге қонған соң көз жасын тыя алмай, биіктіктен Жердің «керемет тыныш әрі тіршілікке толы» болып көрінгенін айтты.

Кэти Перри ұшу кезінде Луи Армстронгтың “What a Wonderful World” әнін орындап, «махаббатпен ерекше байланыс» сезінгенін жеткізді. Ол өзімен бірге ғарышқа ақ түсті гүл – түймедақ апарған. Бұл гүл – қайсарлық пен күштің символы және қызы Дейзиге арналған естелік ретінде таңдалған.

Кинопродюсер Керианн Флинн ұлының достары «Аналар ғарышқа бармайды» деген сөзін еске алып, «оның анасы ғарышқа ұшты», деп жауап берді.

Айша Боу миссия кезінде капсула ішіндегі үнсіз, бірақ мағыналы көзқарастар алмасу сәтінде ерекше қуатты энергияны сезінгенін айтты.

Бұл New Shepard зымыранының 31-рет ұшуы және Blue Origin тарихындағы 11-ші адам ұшырылымы болды. Компания билеттердің бағасын жария етпейді, алайда осы бағдарлама аясында бүгінде 52 адам ғарышқа сапар шеккен.

Бұл ұшу тек мерекелік оқиға ғана емес, әйелдердің ғарышты игерудегі рөліне назар аударуға және компания жобаларына деген қоғамдық қызығушылықты арттыруға бағытталған шара болды. Қазіргі кезде Илон Масктің SpaceX компаниясы ұшырылымдар саны мен технологиялық жетістіктері жағынан Blue Origin-нен озып тұр. Бірақ Blue Origin жаңа New Glenn кемесіне үміт артып отыр. Бұл кеменің алғашқы ұшырылымы 2025 жылдың қаңтарында сәтті өтті, болашақта орбитаға жүк пен адамдарды жеткізу мүмкіндігін арттырады деп жоспарлануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер