Илон Маск АҚШ-тың Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы, Мемлекеттік департаменттің жетекшісі Марко Рубионы өз ведомствосының штатын жеткілікті қысқартпағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The New York Times басылымына сілтеп.
6 наурызда Илон Маск АҚШ үкіметінің кезектен тыс отырысында сөз сөйледі.
"Сіз ешкімді жұмыстан шығарған жоқсыз", – деп Рубионы сынап, мүмкін, жұмыстан кеткен жалғыз адам өзінің департаментінің қызметкері болуы мүмкін деп кекетті.
Рубио бұл мәлімдемеге қарсылық білдіріп, 1500-ден астам қызметкердің мерзімінен бұрын зейнетке шыққанын және олар тиісті өтемақы алғанын айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекеттік департаментті қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды.
Жиынға қатысқан АҚШ президенті Дональд Трамп бастапқыда пікірталасты сырттан бақылап отырды. Алайда, ақырында ол араласып, Марко Рубионың "өте жақсы жұмыс атқарып жатқанын" атап өтті.
The New York Times басылымының мәліметінше, бұл жиын Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы айларындағы маңызды бетбұрыс болуы мүмкін. Ол Илон Масктың бастамаларын қолдағанымен, одан дипломатиялық әрекет күтетінін білдірді.