AZAL ұшағының апаты. Әзербайжанда құрбандарға ескерткіш қойылды

744
Adyrna.kz Telegram
Фото: kazinform.kz
Фото: kazinform.kz

Әзербайжанда былтыр Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының құрбандарына арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, «Хыналыг және Көшпенділер жолы» мемлекеттік тарихи-мәдени және этнографиялық қорығының аумағында ұшақ апаты құрбандарына арналған мемориалдық тақта орнатылды. Тақтада экипаж мүшелерінің есімдері — Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Окюма Алиева, сондай-ақ қаза болғандарды еске алу жазбасы бар. Әзербайжандық альпинистер тақтаны орнатуға атсалысқан.

Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Кейін Бразилия Әскери-әуе күштерінің Әуе апаттарын зерттеу орталығының (Cenipa) мамандары AZAL әуе компаниясының апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының қара жәшігін талдауға кіріскенін хабарлаған болатын.

Биыл 4 ақпанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша тергеудің есебі жарияланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер