“Майқайың-алтындағы” апат. Бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер сотталды

1207
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысының Баянауыл аудандық соты өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы басшысы мен мемлекеттік техқадағалау бөлімінің бас маманына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Олар 2016 жылы кәсіпорынды тексеру барысында жіберілген салғырттық үшін жауапты деп танылды. Сол кезде бетон қоспасын төсеу ережелерінің бұзылғаны анықталғанымен, тиісті шаралар қабылданбаған. Бұл немқұрайлылық 2024 жылы қайғылы оқиғаға алып келді.

“Сот О.-ны ҚР ҚК 371-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау және бақылау қызметіне байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды”, – деп хабарлады сот өкілдері.

Департаменттің бұрынғы бас маманына екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, үш жыл бойы қауіпті өндірістік нысандардағы бақылау мен қадағалау саласында жұмыс істеуге тыйым салынды. Айта кетейік, трагедия болған кезде аталған тұлғалар департаментте жұмыс істемеген.

Айта кетейік, 2024 жылғы 4 қаңтарда түнде Павлодар облысында “РЦШ ПВАСС” ЖШС-нің құтқарушылар мінген автобусы жер астындағы ойыққа құлап, төрт адам қаза тапқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер