Қосшыда балабақшаға бара жатқан балалар жол апатына ұшырады

710
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Қосшы қаласында балабақшаға бүлдіршіндерді апара жатқан шағын автобус жол апатына ұшырап, жеті бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 9 сәуір күні таңғы сағат 07:00 шамасында "Орман алқабы" тұрғын үй кешені маңында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Iveco маркалы маршруттық автобус пен Toyota маркалы шағын автобустың соқтығысуы бір дүкеннің маңында орын алған. Соқтығысудан кейін Toyota шағын автобусы инерциямен аялдамаға соғылған. Автобуста балабақшаға бара жатқан 10 бала болған. Жетеуі Астана қалалық ауруханасына  жеткізілді", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазір жол апатына кінәлі жүргізуші мен оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.

Пікірлер