Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Бакуге шұғыл түрде оралды. Бұл туралы Day.Az сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұған дейін журналист Шәкір Эминбейли әлеуметтік желілерде Бакуден Минеральные Воды бағытында ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан кейін кері бұрылғанын хабарлаған.
Ақпаратқа сәйкес, J2-8717 лайнерінің капитаны әуежайдан ұшып шыққанан кейін бірден Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға оралуды шешкені хабарланды. Әзірбайжан әуе жолдары бұл шешімнің Махачкала үстіндегі әуе кеңістігін жабу туралы NOTAM хабарламасын алғаннан кейін қабылданғанын мәлімдеді.
Ұшақ Бакуде жергілікті уақыт бойынша 10:13-те сәтті қонды.