"Меркур Таундағы" оқиға. Үш рет шегерілген соттың үкімі шықты

731
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Алматыда "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот күдіктіні кінәлі деп танып, оны 22 жылға бас бостандығынан айырды.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы және 147-бабы 5-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы бойынша 19 жыл, 147-баптың 5-бөлігі бойынша 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін", – деп оқыды үкімді судья.

Сондай-ақ, сот айыпталушыдан жәбірленушілер пайдасына 24 миллион теңге және өкілдік қызметтерге жұмсалған 1 150 000 теңге өндіруді бұйырды.

Айта кетейік, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотындағы қорытынды тыңдаулар бірнеше рет кейінге шегерілген. Алғашында олар 19 наурызда өтуі тиіс болған, бірақ кейін 27 наурызға, одан соң 2 сәуірге, ең соңында 9 сәуірге ауыстырылған. Ауыстыру себептері жария етілмеді.

Еске салайық, күзетшіні тұрғынның бірнеше рет жол талғамайтын көлікпен басып кеткені, кейін оның басына секіргені түсірілген бейнежазба желіге тараған болатын. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде көз жұмған.Қатыгез әрекеттің себебі – күзетшінің тұрғынның ата-анасының өтініші бойынша ашулы ер адамды кешен ауласынан шығармай қоюы болған. Қайғылы оқиғадан кейін тұрғындар 45 жастағы бұл ер адамның бірнеше жылдан бері ата-анасымен бірге сол тұрғын үй кешенінде тұратынын, есірткіге тәуелді екенін және көршілерді үнемі қорқытып келгенін айтқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер