Оңтүстік Корея президентіне елден шығуға тыйым салынды

1045
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Reuters
Сурет: Reuters

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, шешімді әділет министрлігі қабылдаған. Оған жоғары лауазымды адамдар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының басшысы жүгінген.

Қазіргі таңда Юн Сок Ель «мемлекетке опасыздық жасады» және «билікті асыра пайдаланды» деп айыпталып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Корея президенті «әскери жағдай» жариялағаны үшін елден кешірім сұраған болатын.

Сенбі күні Юн Сок Ельге импичмент мәселесі парламентте қаралып, билік басындағы партия оппозиция ұсынысының өтуіне кедергі жасады.Десе де, билікке бәсекелес Демократиялық партия басшыға қарсы импичмент жариялауды талап ететін тағы бір арыз түсіретінін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер