Трампқа қастандық жасамақ болған күдіктіге ресми айып тағылды

1064
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты атпақ болған күдікті айыпталды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлады.

Райан Раут есімді азамат 15 қыркүйекте Трамптың гольф-клубының жанында ұсталған. Кейіннен күдікті ұсталған маңнан оптикалық дүрбісі бар автомат, экшн-камера мен басқа да заттар салынған 2 қапшық табылған болатын.

ВВС дерегінше, ер адам саясаткерге қастандық жасағаннан соң көлікке мініп, оқиға орнынан қашпақ болған.

Шетелдік БАҚ-та Раутқа заңсыз қару ұстады деген айып тағылып, 20 жыл бас бостандығынан айыру туралы деректер және 500 мың доллар айыппұл төлейді деген хабар тараған.

Күдікке ілінген адам жаңа айып бойынша өмірбақи түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін екені туралы дерек тарады.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні Флорида штатының Вест Палм-Бичтегі гольф алаңында АҚШ-тың бұрыңғы президенті, президенттікке үміткер Трампқа қастандық жасалмақ болғаны туралы жазған едік.

Пікірлер