Үндістан вокзалындағы кептеліс: 18 адам мерт болды

1011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-16-at-16.15.08.jpeg
Үндістанның Нью-Дели қаласындағы теміржол вокзалында болған кептеліс кезінде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы үндістандық NDTV телеарнасына сілтеме жасап.  Қаза тапқандардың арасында 11 әйел және 5 бала бар. Оқиға Prayagraj Express пойызын күтіп тұрған жолаушылардың көптігі салдарынан орын алған.

"Сенбі күні Нью-Дели теміржол станциясында кемінде 18 адам қаза тауып, оннан астам адам жарақат алды. Оқиға діни Маха Кумбху фестиваліне бара жатқан жолаушылардың пойызға мінуге талпынуы салдарынан болған", – делінген хабарламада.

Үндістанның теміржол министрлігі бұл уақытта Swantrata Senani Express және Bhubaneshwar Rajdhani Express пойыздарының кідіргенін, олардың жолаушылары да 12, 13 және 14-платформаларда болғанын мәлімдеді.

Комментарии