X әлеуметтік желісінде Адольф Гитлердің ресми белгісі бар аккаунты пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Профиль сипаттамасында "Германияны қайтадан ұлы ету үшін оралдым" деп жазылған.
Біраз уақыттан өткен соң әлеуметтік желінің модерациясы бұл аккаунтты бұғаттады.
Кейіннен аккаунтты хакерлер басып алғаны және оның Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге тиесілі екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта аккаунт саясаткерге қайтарылды.