Батыс Қазақстан облысында ер адамды 300 келілік шөп орамы басып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Қаратөбе ауылында болған. 1982 жылы туған ер адамды 300 келілік шөп орамы басып қалған. Оқиға орнына жақын маңда жүрген тұрғын оның көмек сұраған дауысын естіп, құтқарушыларға хабар берген.
"Құтқарушылар арнайы жабдықтың көмегімен ер адамды қауіпсіз түрде босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды" - деп мәлімдеді ТЖМ.
Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.