"Челсиге" ауысқан Сәтбаевтың жалақысы жарияланды. Көп бөлігі ата-анасына түседі

4259
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/ca4152e8-be59-4272-b8d0-e69e8faa17ef-960x500.jpeg?token=e8557083164248c543e66ae730a4aaae
Алматылық футболшы Дастан Сәтбаевтың ағылшындық "Челси" клубына ауысқаннан кейін алатын жалақысы жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Sportarena.kz мәліметі бойынша, жас шабуылшыға ай сайын 14 мың фунт, шамамен 9 миллион теңге төленетін болады. Алайда, спортшы бұл ақшаны бірден жұмсай алмайды. Жалақының үлкен бөлігі оның ата-анасына аударылады. Атап айтқанда, 12 мың фунт ата-анасының есепшотына жіберіледі. Ал қаражат тек Дастан 22 жасқа толған кезде ашылады. Сәтбаевтың "Челси" клубымен бес жылдық келісімшарты бар. Сондай-ақ тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, өткен аптада алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы Еуропаның танымал футбол клубына ауысқаны туралы ресми ақпарат жарияланған болатын.
Комментарии