АҚШ президенті сайлауында республикашыл Дональд Трамп 312 дауыспен жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Associated Press-ке сілтеме жасап.
Ал оның қарсыласы, демократиялық партия өкілі Камала Харрис 226 дауысқа ие болған.
Агенттіктің мәліметінше, Трампты сайлаушылардың 50,5%-ы қолдаса, Харриске 48%-ы дауыс берген.
Бұл сайлау нәтижесі Трамптың барлық құбылмалы штаттарда жеңіске жетіп, президенттік қызметке қайта оралуына мүмкіндік берді.
Бұған дейін, Америкада тұратын қазақ журналисі Сәкен Қайырбергенұлынан сайлаудың қыр-сыры және жеңіс пен жеңілістің себебі туралы сұхбат алған едік. Оның айтуынша жергілікті медиа биылғы сайлауда Аризона, Джорджия, Мичиган, Пенсилвания және Висконсин штаттарын болжанбайтын штаттар деп атаған.