АЙДОС ЖҰҚАНҰЛЫ: Әсіредіншілдердің жалғыз уәжі

1017
Adyrna.kz Telegram

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап!»- деп Абай айта береді.

«Өз тағдырың өз қолыңда» деген қазақтікі де сандырақ.

Дұрысы: Бәрі Аллаһтың қалауымен.

Астанада 5 сәби Аллаһтың қалауымен өртенді.

12 жасар бүлдіршінді 35 жастағы азғын Аллаһтың қалауымен зорлады.

Қостанайдағы бас имам Аллаһтың қалауымен арақ ішті.

Өйткені әсіредіншілдердің жалғыз уәжі дұрыс. Бәрі Аллаһтың қалауымен. Жапырақ та Аллаһтың қалауымен түседі. Оған күзде сарғайып қурағаны, желдің соғуы әсер етпейді.

Себебі бір ғана уәж бар әрі ол уәж дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома: Бәрі Аллаһтың қалауымен!

Менімен дауласып, Аллаһқа күпірлік келтіретін сен кімсің, астағфируллаһ!

 

Aidos Juqanuly

 

 

 

Пікірлер