Көкшетауда мәдениет және өнер қайраткерлерінің аллеясына алма ағаштары отырғызылды

1340
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда мәдениет ұйымдарының қызметкерлері “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосып, 20 алма ағашын отырғызды. Шараға Көкшетаудағы екі театр, филармония, “Көкшетау” мәдениет үйі, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, кітапханалар, мұражайлар тәзірді барлығы 11 мәдениет мекемесінің қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері, дирижерлер, вокалистер, кітапханашылар, мұражай қызметкерлері бар.

“Ақмола облысының мәдениет мекемелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын қолдады. Жеңіс күніне орайластырылған бұл игі шараның маңызы зор. Енді Көкшетауда мәдениет және өнер қайраткерлерінің өз аллеясы болады. Алдағы уақытта ақындар аллеясын ашу жоспарда бар. Аллеядағы әр бір ағаштың жанына қаладағы мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдері мен ұйымдардың атауы жазылған тақтайша қоямыз, - деді басқарма басшысы Айгүл Сәбитова.

Айтуынша, Жеңіс күніне орай, отырғызылған 20 алма ағашын күтіп, ұстау да ерекше бақылауда болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер