Ақжолдың күміс жүлдесі

4662
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат Сербияда өткен X еуропалық географиялық олимпиадада күміс жүлдегері атанды.

Бұл жарысқа қазақстандық жас географтармен қатар Ресей, Сербия, Болгария, Румыния, Босния, Герцеговина, Чехия, Литва, Дания және Словения елдерінен 200-ге жуық оқушы қатысты.

Қазақстан құрамасына республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Абай Дүйсен жетекшілік етті.

Айта кету керек, сонымен қатар Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Арсен Сыдықов және Қостанайдағы NIS оқушысы Андрей Енбахтов екі алтын медаль жеңіп алса, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Қанат Серікбайда күміс медаль еншіледі.

Оқушылар тамаша нәтижелер, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Талдықорғандық NIS оқушысы Ақжол Болат география пәнінен бірқатар республикалық, желілік олимпиадалардың жеңімпазы. Жетістіктер қоржынында 6 алтын мен үш күміс медальдары бар.

Х еуропалық географиялық олимпиада Сербияның оңтүстігіндегі  Копаоник ұлттық паркінде өтті. Олимпиада кезінде біз табиғат аясында жаңа достар тауып, білім мен дағдыларды үйрендік. Олимпиада 3 турдан тұрды, теориялық, мультимедиалық және далалық тур. Далалық турдың ерекшелігі - бұл оның Копаоник табиғи паркінің таулы ормандары арасында өткені, маған ең ұнаған бөлігі де сол, — деп өз пікірін Ақжол Болат білдірді.

 

 

Пікірлер