«Robotek Grand Tournament» Қазақстанның отандық IT-бренді болып танылды

6725
Adyrna.kz Telegram

Астанада Қазақстанның отандық IT-брендінің миссиясын тағы да растаған халықаралық  «Robotek Grand Tournament» чемпионаты аяқталды.

Биыл чемпионат алғаш рет халықаралық деңгейге шықты, Астанаға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан үздік командалар ұшып келді. RGT-2024 алаңында сонымен қатар еліміздің барлық аймағынан келген облыстық турнирлердің жеңімпаздары бас қосты.

Бірінші чемпионаттан бастап «Robotek Grand Tournament» әлемдік стандарттардың бірегей платформасы ретінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Астана дарыны» дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығымен бірлесіп құрылды.

Беделді сайыста Жетісу өңірі оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. «Сұрыптаушы робот» санатында Ескендір Мырзағали мен Абдулазиз Абибулла, «Мерген» санатында Дәурен Өркенұлы мен Бақдаулет  Аязбайұлы, «Роботек» санатында Наиль Садуакасов мен Амир  Мырзағали командалары топ жарды. Сонымен қатар «Үздік ауылдық команда» болып Ақсу ауданынан Бекжан Мұхтарбек мен Роман Проняков командасы танылды. Басты Кубок  – «Ел кубогын» – Батыс Қазақстан облысының құрамасы Оралға алып кетті.

Елімізде мектеп робототехникасын дамытуға және «Robotek Grand Tournament» өткізуге қолдау көрсетті: чемпионаттың платина демеушісі – Allur автомобиль компаниясы, алтын демеушісі – «Sana Sport» отбасылық-спорттық  орталығы.

Келесі жылы RGT алаңында Америка Құрама Штаттары, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань және басқа да елдердің жас робототехниктері кездесуге ниетті.

Пікірлер