Медицина саласының дамуына үлес қосқан жас маман

902
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қоғамдық даму орталығы.
Фото: Қоғамдық даму орталығы.

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Еліміздің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, өз ұстанымына берік, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысып жүрген жастардың еңбектерін үлгі ету мақсатында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ «Жастар - жарқын болашаққа» айдарын бастаған болатын.

Айдарымыздың кезекті кейіпкері - Ақмола облысы​ денсаулық сақтау басқармасының Ана, бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Айжан Төлеуханқызы Құрмаева.

Айжан Төлеуханқызы 2010 жылы Көкшетау қаласының № 1орта мектебін үздік дипломмен аяқтап, сол жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне (Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша)оқуға түседі. Магистратураны да аяқтап, Магистрлік диссертациясын: Қарағанды қаласында «Сальмонеллез ауруының әлеуметтік - эпидемиологиялық ерекшеліктері» тақырыбында сәтті қорғап шықты.

Кейіпкеріміз университет қабырғасында жүріп, тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің үйірме жетекшісі болып жұмыс атқарды. Сонымен қатар, оқу орнының барлық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, көптеген сайыс – байқаулардың жүлдегері атанады.

Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша 35-тен астам ғылыми мақалардың авторы. Солардың ішіндегі ең ауқымдылары Санкт-Петербург қаласының «Инфектология», «Санкт-Петербург пен Ленинград облысының жұқпалы аурулар дәрігерлерінің қауымдастығы» ғылыми журналдарында жарқы көрді. Жас болса да, білікті маманымыз медицина саласына айтарлықтай өз үлесін қосып жүр.

Бүгінде медицина саласында аянбай еңбек етіп жүрген Айжан Төлеуханқызына қызметте толағай табыс, абырой-бедел, отбасына амандық тілейміз! Денсаулық сақтау саласында алар асулары көп болсын!

Айгүл Үстембек,
«Қоғамдық даму орталығы» КММ
Ақпараттық – талдау бөлімінің басшысы.

Пікірлер