Ақтөбе облысында сегіз адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды

3012
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт бала мен төрт ересек адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Ақтөбе облысының полиция департаменті «Ақтөбе-Астрахань» тас жолында екі көліктің соқтығысуынан сегіз адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 6 наурыз күні сағат 8.10-да Ақтөбе-Астрахань тас жолында «Темір-Мост» стансасы маңында Lada Largus және Toyota Hilux көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Ларгус толығымен жанып кетті. Бірқатар адам қаза тапты, оның төртеуі балалар», - деп хабарлады сәрсенбі күні Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан балалар Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды полицейлер.

Пікірлер