Ресейдің Тамбов облысының Мичуринск қаласында Lada Priora көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде адамдар тобын қағып кеткен. Оқиға сәті видеоға түсіп қалды. Кадрлардан көліктің жүргізушісі тіпті тежемегені анық көрінеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Дзен сайтына сілтер.
Қайғылы жол апаты күндіз, Мичуринск қаласының ең қозғалысы көп көшелерінің бірінде болған. Lada Priora үлкен жылдамдықпен жаяу жүргіншілерді басып өткен.
Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің тоқтамастан жаяу жүргіншілер жолағына шығып, адамдарды қағып кеткені көрінеді. Кейін көлік жолдан шығып, үйлерге қарай қарай бұрылған.
Апат кезінде адамдар жан-жаққа ұшып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргіншілердің бірі екінші көліктің астына түсіп қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті 45 жастағы жүргізуші басқарған. Ол не істегенін көріп, көліктен түсіп, кетіп қалмақ болған. Бірақ куәгерлер оған мүмкіндік бермей, қайта көлікке отырғызып, полиция келгенше ұстаған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің не себепті адамдарға әдейі соғылғаны анықталуда.