Мектеп оқушысы мектеп маңындағы жол апатынан қаза тапты

851
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысында мектеп маңында жол-көлік оқиғасы болып, 7 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы жағдай "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің жанында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп жанындағы бұл орын жаяу жүргіншілерге қауіпті. Өйткені мұнда жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдама жоқ.

Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 27 қарашада Іргелі ауылындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің автотұрағында болған. JAC маркалы автобустың жүргізушісі артқа жүріп, 7 жастағы баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Пікірлер