«Көп нәрсеге бірге қол жеткіздік». Ахметов елге алғыс айтты, қызметімен қоштасты

2276
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов өңір халқымен қоштасып, оларға алғысын жаудырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік – экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Және жұмысында басты қағидаттарды ұстанған, яғни адамдарды есту, негізгі бағыттарын Президентіміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командамның бір бөлігі болғандарыңызға қуаныштымын. Біз көп нәрсеге бірге қол жеткіздік. Сіздермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын, үнемі көрсеткен баға жетпес еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеяларды батыл іске асыруларыңызға шын жүректен тілектеспін!»—деді ол.

Айта кетейік, бүгін Президент жарлығымен Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылған еді. Ол бұл қызметті 2014 жылдан күні бүгінге дейін атқарды.

Пікірлер