Қарағанды облысында 13 қап марихуана есірткісін тасымалдаушылар ұсталды.

1041
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қарағанды облысының Полиция департаменті
Фото: Қарағанды облысының Полиция департаменті

Қарағанды – Астана автожолында ірі көлемдегі марихуанамен есірткі тасымалдаушылар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Күдіктілер мінген автокөлік трассада тоқтатылған. Audi A6 автокөлігінің ішінде Жамбыл облысының 38 жастағы екі тұрғыны болған. Тоқтату кезінде олардың жүйкелері сыр беріп, күдік туғызған.

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері автокөліктің салоны мен жүксалғышын тексеру барысында 13 қап өсімдік тектес зат тапты. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 266 килограмнан асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның келісімімен күдіктілерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі қылмыстарымен күрес және құқықтық тәртіпті қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда, аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында заңсыз айналымнан 446 килограмм түрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның ішінде 100 килограмнан астам гашиш, 180 килограмнан астам марихуана және 12 килограмм синтетикалық есірткі бар. Есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 130-дан астам адам ұсталған, олардың ішінде 11 жасөспірім мен 12 әйел бар екені де ведомствоның хабарламасында айтылды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер