Соңғы жылдары «қаңғыбас» жануарлар мәселесі біздің қоғамда өзекті мәселеге айналды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мектептің «Үміт баспанасы» әлеуметтік жобасы аясында акция ұйымдастырып, осы мәселені шешуге өз үлестерін қосуды ұйғарды.
Бұл бастама иесіз иттерге көмектесіп қана қоймай, оқушыларды, мұғалімдерді және мектеп қауымдастығын біріктірді.
Талдықорған NIS қабырғасында "Үміт баспанасы» әлеуметтік жобасы тоғыз жыл бойы жүзеге асырылып келеді, ол үйсіз үй жануарларын тамақтандыруға бағытталған. Қазіргі уақытта жас еріктілер «Зооклуб» зооқорғаушылардың қоғамдық бірлестігімен ынтымақтасады, онда мысықтар мен иттерге иелерін табуға, тамақтандыруға, үйшіктер салуға, күтім жасауға көмектеседі.
Бұл жолы «Досыңды тамақтандыр» акциясы Феникс ветеринарлық клиникасында жануарлардың тағдырына назар аударудың және оларға қыстың суық мезгілінде көмектесудің тәсілі ретінде ойластырылды.
Біз плакаттар жасадық, әлеуметтік желілерде ақпарат тараттық және акцияның маңыздылығы туралы жеткізу үшін сыныптармен кездесулер ұйымдастырдық. Нәтижесінде, бірнеше апта ішінде клиникаға берілген жемнің едәуір мөлшерін жинауға мүмкіндік туды, - дейді жоба белсендісі Денис Дроздов, 10-сынып оқушысы.
Біздің акция иесіз қалған иттерге көмектесіп қана қоймай, бүкіл қауымдастық үшін маңызды оқиға болды. Ол қаңғыбас жануарлар мәселесіне назар аударды және басқа адамдарды да осындай бастамаларға қатысуға шабыттандырды деп ойлаймын. Жануарларға қамқорлық жасау — бұл әрқайсымыздың жауапкершілігіміз, - деп бөлісті 10-сынып оқушысы Арлан Тоқтахмет.