Танысын балталап өлтірген. Түркістандағы оқыс оқиға жайлы айтылды

2942
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс барысында күдіктінің танысын қалай балталап өлтіргені айтылды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме көрсете отырып хабарлайды.

Оқиға биылғы жылдың наурыз айында болған. Ішімдік ішкен екі тұрғынның іс-әрекеті адам өлімімен аяқталды.

Күдікті ұйықтап жатқанда балта ұстап келген жәбірленуші оны соққыға жығып, балтаның ағаш сабымен қылқындырған.

Содан күдікті қолына ілінген қайшыны жәбірленушінің қолына сұғып, балтаны күштеп тартып алған.

Қарсыласының бас тұсынан балтаның жүзімен бірнеше рет соққы жасайды. Ауыр дәрежелі дене жарақатынан жәбірленуші сол жерде мерт болған.

"Сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушыға ҚР ҚК 99 бабы 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгілеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ" - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер