Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысының «Жетісай-Жібек Жолы» тас жолында төрт адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
«Жол апаты «ВАЗ» маркалы автомобильдің «Вольво» жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан орын алған. Оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан», - делінген хабарламада.
Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Барлық мән-жай анықталуда.