Түркістан облысында жетінші үшем дүниеге келді

944
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облысы ДСБ
Фото: Түркістан облысы ДСБ

Түркістанда Әріпбаевтар отбасында  үшем дүниеге келді. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бұл туралы Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі − 1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отағасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойды. Дәрігерлердің айтуынша алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

«Бұл үшемдер дүниеге келген кезде жағдайлары ауыр болды. Аппаратта жатты. Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің көмектеріне байланысты бұл үшемдердің жағдайлары жақсы, салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр», - деді дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызы.

Айта кетсек, Түркістан облысында 6 ай ішінде 25 045 нәресте дүниеге келген. Ал, жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жетті. Осы мерзім аралығында 311 егіз сәби жарық дүние есігін ашқан.

Пікірлер