Ақтөбеде Даун синдромына шалдыққан балаларды ұрып-соққан

4965
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбедегі арнайы мекемеде ақыл-ойы кем балалар соққыға жығылған. Прокурорлар No1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп. 

Сәуірдің 28-і күні Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасына «No1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де балалардың соққыға жығылғаны туралы хабар келіп түсті. Прокуратура мекемеде психикалық дамуы тежелген, церебральды сал ауруы, Даун синдромы, барлық дәрежедегі психикалық дамуы тежелген балалар бар екенін түсіндірді.

«Прокурорлар дереу мекемеге барып, бейнебақылау камераларын көргеннен кейін орталық қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушыларды бірнеше рет ұрып-соғып, басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтады», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі «Азаптау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық іс материалдары Ақтөбе қалалық ІІБ-не жіберілді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер